Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда мейрамханада хиджабсыз таңғы ас ішіп жатқан әйел қамауға алынып, ең қатал түрмеге жабылды

Иран билігі мейрамханаға орамалсыз келген әйелдің суретін көргеннен соң, оны абақтыға қамады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail сайтына сілтеме жасап.

Донья Рад

Донья Радтың Тегеран мейрамханасында хиджабсыз, емін-еркін құрбысымен таңғы ас ішіп жатқан суреті әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің назарын аударды.

Қос құрбы діни өктемдікке қарсы наразылық білдірушілердің қатарында. Хиджабты дұрыс кимегені үшін қамауға алынып, кейін мерт болған Махсы Аминидің жақында қайтыс болуына байланысты оқиға оларға жағымсыз әсер қалдырды. 

Доньяның суреті әлеуметтік желілерде таралып,вирустық сипатқа ие болғаннан кейін оны әдеп полициясы өз әрекетін түсіндіруге шақырады.

Ирандық әйел келгенде, полиция оны қамауға алды. Содан кейін ата-анасы және отбасы мүшелері бай онымен байланыса алмаған. Тек Ирандағы ең қатал Эвин түрмесінің 209 бөліміне жеткізілгені хабарланған.

Радты тұтқындау туралы шешім Иран билігінің елдегі тәртіпсіздіктерге қатысты алаңдаушылығын білдіреді, өйткені Аминидің өлімінен кейінгі наразылықтар Иран режиміне қарсы наразылыққа ұласты.

Осыған дейін дәл осы түрмеге ирандық Назанин Загари-Рэтклифф қамауға алынған еді. Ол Махсы Аминидің өлімінен кейін ирандық қыздарға қолдау білдіру мақсатында шашын қиған бейнежазбаны жариялады. Ол бұл әрекетімен дінбасылардың өктемдігіне қарсылығын көрсетті.

Иран елінде наразылықтар басылар емес, тіпті Иран ұлттық футбол командасы Сенегалға қарсы жолдастық кездесуде әнұран қосылғанда, қара спорттық костюмдерін шешпеген.
Соңғы зерттеу бойынша, бүлік барысында кем дегенде 83 адам мерт болды

Журналистерді қорғау комитеті кем дегенде 29 журналист қамауға алынғанын, оның ішінде Амини ханымның ісін шешуге көмектескен әйел журналист Нилуфар Хамеди мен Элахе Мохаммади де бар деп мәлімдеді.

 

Талқылау