Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда мерейтойға байланысты наразылықтарға қатысқандардың бір бөлігі кешіріледі

Иранның жоғары көшбасшысы аятолла Әли Хаменей үкіметке қарсы наразылыққа шыққан он мыңдаған тұтқындардың көпшілігіне кешірім берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап.

иран көтеріліс

Кешірім беру үшін бірнеше шарттар қойылған, соның ішінде жазбаша өкіну жазылу керек.

1979 жылы 11 ақпанда шахтың жер аударылып, Иранда Ислам Республикасы орнатылды. Соның мерейтойына байланысты кешірім жариялануда.

Аятолла Хаменей тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін қамауға алынғандар кешірілетінін айтты. Алайда олардың жазасы "шетелдік тыңшылық және шетелдік барлау агенттерімен тікелей байланыста болмаған жағдайда ғана жеңілдетілетінін" атап өтті.

Сонымен қатар, кісі өлтірмеген, қасақана жарақаттамаған және мемлекеттік, әскери немесе қоғамдық нысандарға зиян келтірмеген наразылық білдірушілер кешіріледі.

Бірақ қос азаматтығы барлар кешірім берілмейді.

Елдің сот басшысы Голям Хоссейн Мохсени-Эджейден кейін қамауға алынғандардың көпшілігі жастар екенін мәлімдеп, оларды кешіруді сұрады. Наразылық акциясына қатысушылардың көпшілігі "шетелдік үгіт-насихат жолынан адасқан” делінген. Көптеген ұсталғандар қазірдің өзінде өкініш білдіріп, өздерінің теріс қылықтары үшін кешірім сұрады.



Құқық қорғау ұйымдарының мәлімдеуінше, 500-ден астам адам, оның ішінде 70 кәмелетке толмағандар өлтіріліп, 20 мыңға жуығы қамауға алынды.

Ослода орналасқан "Иран адам құқықтары" ұйымының бағалауы бойынша, қамауда отырған кем дегенде 100 адам өлім жазасына кесілді. Олар қорғаушылардың көмегі мен тиісті процедуралар және әділ сот ісін жүргізу құқығынан айырылды.

Наразылықтарға қатысқаны үшін төрт адам өлім жазасына кесілді. Қаңтарда екі адам Иран қауіпсіздік күштерінің қызметкерін өлтіргені үшін дарға асылды. Өлер алдында олар азапталғанын айтып, апелляциялық шағым түсірді.

Естеріңізге салсақ, Иранда Махсы Аминиді хиджабын дұрыс кимегені үшін әдеп полициясы ұстап, содан соң көз жұмды. Соның салдарынан елде жаппай наразылықтар басталды.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 06 Ақпан, 2023 10:45
Талқылау