Иран төңірегіндегі шиеленісті басу үшін Түркия әдеттен тыс ұсыныс жасады

Таяу Шығыста жаңа әскери қақтығыс қаупі күшейген кезде Түркия шиеленісті бәсеңдетіп, АҚШ-тың Иранға әскери соққы жасауына жол бермеуге тырысып бағуда. Анкара әдеттен тыс дипломатиялық шешім ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CursorInfo басылымына ссілтеме жасап хабарлайды.
Басылым дереккөздерінің сөзінше, Анкара халықаралық қатаң кепілдіктер шартымен Иранның байытылған уранын уақытша өз аумағында орналастыруды ұсынған.
Түркия осылайша байыту деңгейі 60%-ға дейін жететін шамамен 440 келі уранды меңзеді. Дәл осы материал АҚШ пен оның одақтастарын алаңдатып қойды.
Түркия бұл қадамның басты шарты аталған уранның Иранға қайта қайтарылмайтыны жөніндегі міндеттеме заңдық әрі техникалық тұрғыдан нақты бекітілуі тиіс екенін алға тартты.
Бұған дейін басылым соңғы бір тәулік ішінде Иранның әртүрлі өңірлерінде болған бірнеше жарылыс пен өрттің себептеріне қатысты биліктің нақты түсініктеме бермей отырғанын жазған. Ресми түрде бұл оқиғалар “ішкі” немесе “тұрмыстық” деп бағаланды.
“Алайда толық ақпараттың жарияланбауы және ресми мәлімдемелердегі сәйкессіздіктер аталған жағдайлар әдейі жасырылып отыр деген күдікті күшейтіп отыр”, – жазды басылым.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді