Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран Шархан: "Заңнамалық тұрғыда зауыт салуға еш кедергі жоқ"

Күршім ауданында экология және табиғи ресурстар, құрылыс және өнеркәсіп министрліктерінің өкілдерінің халықпен кездесуі өтіп жатыр.

Аудан тұрғындары көпір құрылысын одан әрі қаржыландыру, аудан орталығын жылумен жабдықтау, елді мекендерді сумен жабдықтау және басқа да мәселелер көтерді.

Маралды ауылында алтын өндіру фабрикасын салу тақырыбы да назардан тыс қалмады.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан арнайы комиссия құрылып, жер учаскесін бөлу, зауыттың елді мекеннен қашықтығы, натрий цианитін қолдану заңдылығы, жер учаскесін қалпына келтіру бойынша еш заң бұзушылықтың анықтамағанын айтты.

Сондай-ақ вице-министр инвестор ауыл тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, түлектерді жоғары оқу орындарында оқыту бойынша міндеттемелерді өз мойнына алуға дайын екенін атап өтті.

Тұрғындардан фабрика салына ма деген сұраққа Иран Шархан зауыттың құрылысына заңнамалық тұрғыдан ешқандай кедергі жоқтығын және оның салынатынын жеткізді.

Кездесуде халық көтерген мәселелер орталық және жергілікті атқарушы органдардың бақылауына алынды.

Талқылау