Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран президенті АҚШ-пен келіссөз жүргізу туралы тапсырма берді - БАҚ

Фото: depositphotos.com

Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚШ-пен Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөз бастау туралы тапсырма берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі Fars басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дереккөздің айтуынша, келіссөздер тек ядролық бағдарламаны қамтиды.

Иранның Tasnim агенттігінің мәліметінше, Тегеран мен Вашингтон жақын күндері келіссөздерді бастайды. Келіссөзге Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф қатысуы мүмкін. Дәл уақыт пен орын әлінақтыланған жоқ.


Трамп ядролық келіссөздер еш нәтиже бермеген соң Иранға әскери соққы жасауды жоспарлап отыр


Иран мен АҚШ арасындағы қақтығыс: IndiGo рейстерді тоқтатты, Air India бағыттарды өзгертіп жатыр


"Келесі соққы ауыр болады": Трамп Иранды ядролық келісімге келуге шақырды


 

Axios порталының мәліметінше, Түркия, Мысыр және Қатар Уиткофф пен Иранның жоғары лауазымды өкілдері арасында келесі апта Анкарада кездесу ұйымдастыруы мүмкін. АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Иранға келіссөзге дайын екені туралы хабар жеткізген.

Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Али Багери келіссөздер Иранның байытылған ядролық материалдарын, соның ішінде уранды үшінші елдерге беру мәселесін қамтымайтынын айтты. 

“Иранның ресми тұлғалары үшінші елге байытылған ядролық материалдарды бермейді. Екі ел арасындағы келіссөздер бұл мәселеге қатысты емес”, – деді ол Tasnim агенттігіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды ядролық келісім жасауға шақырып, қарсы жағдайда бұрынғыдан да ауқымды әскери соққы жасалатынын ескерткен еді. 

Жұмаділлә Нұрила
Дүйсенбі, 02 Ақпан, 2026 22:35