Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран өз әрекетінің зардабын шегеді – ЦАХАЛ

Израиль армиясы бас штабының басшысы Герци Халеви Израильдің Иран шабуылына жауап беретінін және мұны қалай жүзеге асыратынын шешіп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден алынды

"Иран өз әрекетінің зардабын шегеді. Біз тиісті жауап қайтарамыз. ЦАХАЛ кез келген қауіпке қарсы тұруға дайын", – деді ол.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ЦАХАЛ-дан Иранға адам шығынынсыз "сигнал жіберетін" нысана нұсқаларын ұсынуды сұрады.

Батыс одақтастары Израильді бірауыздан қолдап қана қоймай, оған Иранның шабуылына тойтарыс беруге көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания және Франция әскерилері ондаған ұшақ пен зымыранды атып түсірді. Сонымен бірге олар Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуіне жол бермеуге тырысып бағып жатыр.

Айта кетейік, жексенбіге қараған түні Иран Израильге шабуыл жасап, 185 ұшақ, 36 қанатты зымыран және 110 "жер" зымыранын атқан еді.

Қазақстан Иран мен Израиль арасындағы қақтығысқа қатысты өз ұстанымын айтты.

 

Талқылау