Иран Израильді екі апталық бітім туралы келісімді бұзды деп айыптады

Иран Израильдің бітімді бұзғанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Tasnim басылымының мәліметінше, Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Пәкістан әскерінің қолбасшысы, генерал Ассим Мунирмен телефон арқылы сөйлесіп, Тегеран мен Вашингтон арасындағы бітімге қатысты келіссөздерді талқылаған. Әңгіме барысында Арагчи Израиль тарапынан Иран мен Ливан аумағында бітімді бұзу деректері тіркелгенін жеткізді.
Иран билігі Израиль Ливанға соққы жасау арқылы атысты тоқтату режимін бұзды деп есептейді. Осыған байланысты Иран шабуылдарға жауап беретінін мәлімдеді.
Ирандық БАҚ-та да ел билігінің Израильдің әрекеттеріне жауап дайындап жатқаны туралы ақпарат тарады.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ пен Иранға екі апталық атысты тоқтату туралы келісімге келгені туралы жазған едік. Тоқаев Трамптың шешімін құптап, өзара келісімнің ұзаққа созылатынына сенім білдірді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр