Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Иран БҰҰ-ның әйелдердің мәртебесі жөніндегі комиссиясынан шығарылды

БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесі Иранның 2026 жылға дейінгі әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиядан шығарылуына дауыс берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Иранның шыққанын 29 ел қолдаса, 16 мемлекет қарсы болды. Қарсы болған елдердің ішінде Боливия, Зимбабве, Қытай, Нигерия, Никарагуа, Оман Ресей және Қазақстан бар.

Дауыс беру АҚШ бастамасымен өтті. Бұл ұсынысты Иран қатаң сынға алып, ондай бұрын-соңды болмағанын және оның заңсыз екенін айтты.

БҰҰ Тегеранды әйелдердің құқықтарын, соның ішінде сөз бостандығын бұзды және үкіметке қарсы наразылықтарды аяусыз басуда деп айыптайды.

Соңғы мәліметтер бойынша, наразылық акцияларын басу нәтижесінде 2000-ға жуығы қамауға алынып, 400-ден астам адам қаза тапты. 11 адам өлім жазасына кесілді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 15 Желтоқсан, 2022 11:18
Талқылау