Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран билігі ел құрамасының футболдан әлем чемпионатындағы жеңісіне орай түрмеден 715 адамды босатқан

Иран билігі ел құрамасының футболдан әлем чемпионатында Уэльсті жеңгеніне орай түрмеден 715 адамды босатқан. Олардың арасында елдегі наразылық кезінде ұсталғандар да бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі France24 басылымына сүйене отырып. 

iStock

Амнистияға себеп болған матч 28 қарашада өткен. Ойын 2:0 есебімен аяқталды. Дәл сол күні түрмеден 715 тұтқын босап шықты. 

29 қарашада тағы 1 156 адам босатылған еді. Оған бас судьяның шешімі түрткі болған. Бірақ тұтқындар қандай себепке байланысты босатылғаны белгісіз. 

22 жастағы Махса Әминаның өлімінен кейін Иранда кейінгі екі айда наразылық тоқтамай жатыр. Ол қызды полиция хиджаб кимеді деп ұстап әкеткен еді. Иран билігіне сенсек, наразылықта ұсталған 1 мың адам айыпты деп танылған. Оның біреуі өлім жазасына кесілді. Ал ресми статистикаға сүйенсек, наразылық кезінде кемі 416 адам көз жұмған. 

Талқылау