Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Иран бала" дейтін": Әбдіжаппар Әлқожа режиссер Талған Теменовтің жақсылығын есіне алды

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа режиссер Талғат Теменовтің өзіне жасаған жақсылығын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/abdizhappar_alkozha/

Өнер иесі 17 жыл бұрынғы оқиғаны есіне алды. 

"2008 жылы абитуриент Әбдіжаппардың бойынан талант көріп, өз екпінін көрсетіп, мына "Иран бала" грантқа түсуі керек деп, өзі актерлік оқуға қабылдаған еді. Алтын жүрегіңізден айналдым, ұстаз! Жемісін көре беріңіз, жүздің жүзін көріңіз. Мәртебеміз жетіп, сізді біздің тауда күтуді жазған Аллаға шүкір", – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, бұған дейін Баян Мақсатқызы өзін халыққа танытқан режиссерден кешірім сұраған еді. 

“Мен Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Бір сәтте Орал қаласынан шыққан кішкентай Баянды барша Қазақстанға танымал жұлдыз қылған еді. Мен "Махаббат бекеті" фильміне түсіп, бірден танымалдылыққа ие болдым. Кейін арамызда түсініспеушіліктер болды. Ол фильмнің жалғасын түсіргісі келген кезде "Мен киноға енді түспеймін", "Сіз маған енді керек емессіз" деп қатты айтып қойдым. Кешірім сұраймын”, – деп ағынан жарылған еді. 

Талқылау