Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран АҚШ-тың Сириядағы әскери базасына соққы жасады – БАҚ

Фото: pravda.com.ua

Иран әскері Сирия Араб Республикасындағы АҚШ әскери базасына соққы жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CGTN порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайдың халықаралық жаңалықтар арнасы хабарлағанымен, бұл ақпарат АҚШ тарапынан ресми түрде расталмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша шабуыл Иранның АҚШ тарапынан жақында жасалған ядролық нысандарға бағытталған шабуылдарға жауабы болуы мүмкін. Вашингтон ол соққыларды Иранның ядролық бағдарламасын тежеу мақсатында жасалған деп түсіндірген.

Кейінірек бұл ақпаратты Иранның Mehr ақпарат агенттігі де растады.

Агенттіктің мәліметінше, шабуылдың нысанасы Сирияның батысындағы Хасеке провинциясында орналасқан Касрук ауданындағы АҚШ Қарулы күштерінің базасы болған. Дегенмен шабуылды кім жасағаны туралы нақты ақпарат берілмеген.


Иран Ормуз бұғазын жабуға рұқсат берді: Әлемдік мұнай саудасының 30%-ына қауіп төніп тұр


АҚШ алдағы 48 сағат ішінде Иранның мүмкін шабуылына дайындалып жатыр – NBC News


Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Ирандағы үш ядролық нысанға, соның ішінде Фордо, Натанз және Исфаханға соққы жасалғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы Truth Social желісінде жазып, соққының негізгі бөлігі Фордоға бағытталғанын айтты. Трамп америкалық әскерилерді құттықтап, енді бейбітшілік орнату керек екенін атап өтті. Иран билігі шабуылды растады. Fars агенттігі Фордо маңында бірнеше жарылыс болғанын хабарлады. Мемлекеттік БАҚ нысандарда ядролық материал болмағанын алға тартты.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 23 Маусым, 2025 15:59
Талқылау