Ирактағы наразылық кезінде 20 адам қаза тауып, 200 адам жараланды (видео)
Ирак астанасында Шиит имамы Муктада ас-Садр саясаттан кететінін жариялағаннан кейін оның жүздеген жақтастары наразылық шерулерін ұйымдастырды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, наразылықтардан 20 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дереккөз Iz.ru
Олар үкімет сарайы мен шетелдік елшіліктер орналасқан жасыл аймаққа шабуыл жасаған.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, үкіметтің "жасыл аймақта" орналасқан сарайын қазіргі режимнің қарсыластары басып алған.
Al Hadath телеарнасы бірлескен қолбасшылық 29 тамызда Ирак астанасында коменданттық сағат енгізгенін хабарлады.
- "Украинадағы соғыс бірнеше жылға созылуы мүмкін": Германияның сыртқы істер министрі
- Пәкістанда 900-ден астам адам су тасқынының құрбаны болды (видео)
Reuters қақтығыстарда шамамен жиырма адам қаза тапқанын айтады. Тағы екі жүзге жуық адам жарақат алған. Сондай-ақ қақтығыс болған аймақта пулеметтер мен жарылыстың дауысы естілгені айтылады.
Қазіргі уақытта Бағдат қаласына әскер кіргізіліп, елде коменданттық сағат жарияланды, наразылық шерулерінің салдарынан 30 тамызда жұмыс шығуға тыйым салынды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”