Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иракта тұтқынға түскен ДАИШ содырларының арасында қазақ азаматы жүр

Бұл туралы бейнежазба ғаламтор желісінде тарауда. Жазбаны күрдтердің «Пешмарга» аталатын әскери бөлімінің сарбаздары түсіріпті, деп хабарлайды КТК.

Безымянный

Тұтқындардың әрқайсысы осылайша өзінің қайдан келгенін айтып жатыр. Қазақтан бөлек, араларында Ресейден келгендер және тәжік, әзірбайжан, иран азаматтары да бар. Барлығы да қолға түскен бүлікшілер. Әл-қуаты кеміген кейбірі аяқтан тұра алмай құлап жатыр.

Әлеуметтік желіде жүрген бұл көрініске қатысты еліміздің құзырлы орындары ешқандай мәлімет бере алмады. Айта кетсек, осы күрдтердің бақылауындағы Ирактың Таль-Афар қаласынан өткен аптада ғана қазақстандық 4 әйел мен 10 бала құтқарылған болатын. Олар дәл осы ДАИШ сапында соғысқан қазақтардың отбасы болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Көкшетауда қоқыс арасында ұйықтап жүрген 2 баланың тағы 2 бауыры бар болып шықты

Әблязовтің сыбайласы деп айыпталған Жанболат Мамай сотта соңғы сөзін айтты

Жанжал: Депутаттар білім грантын әділ бөлмеген шенеуніктерді жазалауды талап етті

Сұмдық: Атырауда 8 жасар қызды зорлап өлтірген педофилге қатысты сот басталды

Талқылау