AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ипотека рәсімдеуге көмектесетінін айтқан: Өскеменде алаяқ тұрғындарды 17,5 миллион теңгеге алдап кеткен

Өскеменде Катон-Қарағай ауданының тумасы, 25 жастағы ер адам "ипотека рәсімдеуде" көмектесетінін айтып, 5 адамды алдап кеткен. Жалпы шығын мөлшері 17,5 миллион теңге, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кісен

Алаяқ белгілі жүйемен жұмыс істеген. Алдымен адамдардың сеніміне кіріп, кейін алдын ала төлем сұраған. Ақшаны алған соң азаматтардың нөмірін бұғаттап тастаған. 

Тергеу кезінде Үлбі ауданының полицейлері алаяқтың жылжымайтын мүлік нарығына еш қатысы жоқ екенін анықтаған. Ал ақшаны өз қажетіне жұмсаған. 

Жедел-іздеу шараларының нәтижесінде ер адам толға түскен. Оған қатысты ешқайда шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпас шарасы тағайындалған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр