Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

iPhone жарылып зардап шеккен Ақтөбе тұрғыны адам шошырлық жарақатын көрсетті

18 желтоқсан күні 28 жастағы Ардақ Орынбасаров ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Ол ұйықтап жатқан кезде айфон смартфоны жанып кеткен. Нәтижесінде қыздың беті, аяқ-қолы, арқасын күйік шалған.

uquDvPVQMpnM

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.

Ардақ бір тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатып шықты. 19 желтоқсан күні травматология бөліміне ауыстырған.

“Өрт болғаннан күннен бері ұйықтамадым. Ауруым мазалап, жарық өшірілсе болды сол күнгі өрт көз алдыма келе береді. Оны айту мен үшін қиын…бәрі түнгі 3 шамасында болды. Ұйықтар алдында мен айфонды электр қуатына қойдым. Таңертең ерте ояну керек болғандықтан, оятқышты да қойып қойғанмын. Түн ортасында мені құдды біреу түрткендей болып оянып кеттім. Қарасам кереуеттің жартысы жанып жатыр, бөлменің іші көк түтін. Түтінге тұншығып қалғандықтан көмек шақырайын десем дауысым да шықпай қалған. 1-қабаттан әкем келгенімен, ол есікті бірден аша алмады. Өрт кесірінен бөлме, кереует, тон, ноутбук бәрі жанып кетті. Әлі өз-өзіме келе алар емеспін. Айфон 5 смартфонын 2015 жылы сәуір айында сатып алғанмын. 60 мың теңгені үш ай жинап, қалған 60 мың теңгені несие ретінде төлегенмін”, – дейді Ардақ.

Ол әлеуметтік желіде “Үміт сәулесі” деген топты жүргізіп, өзі фитнес-орталықта қызмет етеді әрі қайырымдылықпен айналысады екен. Әртүрлі шаралардан түскен қаражатты қарттар үйіне, балалар интернаттарына аударып отырады. Ол өзіне үнемі сапалы суреттер қажет болатындықтан, айфон сатып алған. Әрі оны қолдан немесе қара базардан емес, кәдімгі ұялы телефон орталығынан барып саудаласып алған.

“120 мың теңгені мен айфонға төледім. Құнды заттарым да өртеніп кетті. Ауруханада қанша уақыт жататыным белгісіз. Күйікті кетіру үшін пластика жасатуға тура келетін сияқты. Күн сайын 6 мың теңгеге мазь алып жатырмын. Жақын уақытта жұмысқа да шыға алмаймын. Тірі қалғаныма қуанамын, әрине, дегенмен келген шығын көлемі де аз емес. Менің бір танысымның да дәл менікіндей айфоны көз алдында өртеніп кеткен. Меніңше, осындай зардап шегушілер бірігіп өз құқықтарымызды қорғауымыз керек”, – дейді ол.

Дәрігер Нұрлан Әбішевтің айтуынша, Ардақтың денесінің 30 пайызын күйік шалған. 2-3 деңгейдегі күйіктер және газдан улану да бар. “Бұл телефон жарылысынан зардап шегіп ауруханаға түскен алғашқы емделуші. Барлықтарыңызға телефоннан абай болу керектігін ескертеміз”, – дейді дәрігер.

Ал Ардаққа телефон сатқан Vokk ұялы телефон салоны да жағдайға қатысты пікір білдірді.

“Біз жағдайды реттеуге атсалысамыз. Айфонның қандай жағдайда жанып кеткенін анықтау қажет. Ол бұрын жөнделген бе, түпнұсқа қуаттағыш пайдаланылды ма, тәуліктің қай уақытында токқа қосты деген секілді. Негізі түнде қуаттамау қажет. 100 пайыздық қуатталудан кейін батерея ісініп, кері әсер тудыра бастайды. Көп жағдайда түпнұсқа емес қуаттағыш қолданылса, жарылысқа себеп болады”, – дейді салон әкімшісі Сергей.

Оқи отырыңыз:

Астанада мектепте жүрегі тоқтап көз жұмды делінген оқушыны сыныптасының ұрып өлтіргені анықталды

Қазақстанда Су-27 ұшағы апатқа ұшырады

Лаңкестік кезінде «дәретханаға тығылып қалған» қос майор сот алдында жауап беруде

Алматылық бойжеткен көлігімен полицейді қағып кетті (видео)

Талқылау