"iPhone сатып ал да, пайда тап": Батыс Қазақстан облысында ер адам туыстарын алдап, 5 миллион теңгесін алып кеткен
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері ер адамды алаяқтық схема ұйымдастырды деген күдікпен ұстап алды. Ол бірнеше танысын, оның ішінде туыстарын алдап, 5 миллион теңгеден астам ақша алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Орал полиция департаментінің дерегіне сенсек, күдікті таныстарына iPhone 15 смартфондарын кредитке сатып алуды ұсынған. Оларды жоғары бағаға қайта сатуды уәде еткен. Ол кредиттерді телефондарды сатқан соң жабуға және қалған ақшаны қатысушылар арасында бөлуге уағдаласқан.
Оралдық тұрғындар үш iPhone 15 сатып алып, қосымша екі миллион теңге көлемінде ақша берген. Алайда тауарды алғаннан кейін ер адам жоғалып кетіп, жәбірленушілерді телефондарсыз және ақшасыз қалдырған.
Тергеу барысында 5 миллион теңгеден астам шығын келгені анықталды. Алаяқтық құрбандары арасында екі туысқан бауыр да бар. Қазір алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда 25 жергілікті тұрғын көпбалалы ананың үстінен шағым түсіріп, оны алаяқтық жасады деп айыптап отырғанын жаздық. Жәбірленушілер шетелден арзан бағаға тауар әкелемін деген әйелдің сөзіне сеніп, ақшаны да, тауарды да ала аламай отырғанын айтады. Тәртіп сақшылары аталған “Алаяқтық” бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, әйел Қарағанды тұрғындарының өзіне 50 миллион теңгеден астам қарыз болып шықты. Полиция зардап шеккендердің бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Қазір күдікті екі айға қамауға алынды. Оған сот бұлтартпау шарасын тағайындады. Күдікті сот отырысында ол өзінің жауапсыз жеткізушілердің құрбаны болғанын айтты.