Ақтауда құлаған ұшақтың қара жәшігіндегі жазбалар жақында Астанаға жеткізіледі
Алдағы күндері Ақтауда құлаған ұшақтың қара жәшігіндегі жазбалар Астанаға жеткізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ
Деректерге сүйенсек, Астанаға авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия мүшелерінің борттағы өздігінен жазғыштардан (қара жәшіктерден) алынған материалдармен келеді деп жоспарланған.
Келген соң сарапшылар борттағы өздігінен жазғыштардан алынған деректерді дереу зерделеуге кіріседі.
Еске салсақ, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан 38 жолаушы қайтыс болды, 29 адам аман қалды. Бұған дейін Бразилия Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін талдауды аяқтаған еді.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда