iPhone 6 телефоны жарылып жарақаттанған велосипедшіге аяқ терісін ауыстыруға тура келген
Британдық велосипедші Гарет Клир iPhone 6 телефоны жарылып, жарақат алған. Ол велосипедтен құлаған. Сосын шалбарының артқы қалтасынан түтін шығып жатқанын байқаған.
Сурет: garethclear / instagram
Артынша аяғының ауырсына бастағанын сезген. Осы уақытта телефон жарылып, оның аяғы жарақаттанған.
«Мен телефонды алып тастамақ болып қолымды күйдіріп алдым. Шалбарымды шешпек болып едім ол аяғыма жабысып қалыпты. Телефон іші қара түске айналып, темірлері майыса бастады», – дейді ол.
Оған жедел медициналық көмек керек болған. Тіпті, аяқ терісін ауыстыруға тура келген.
«Адамдар бұдан хабардар болсын деймін. Егер осындай жағдай болып, біреудің аяғы емес, беті жарақаттанғанда қалай болар еді. Қайта қуанышқа орай менің қасымда сол сәтте күйіктің алдын ала білетін маман болды», – дейді велосипедші.
Клирдің айтуынша, ол Apple компаниясынан ескерту алған, компания оқиға барысын тексеріп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Қалтасындағы телефоны жарылып, қытайлық жігіттің денесін күйік шалған
Қазақстандық дәрігер смартфон мен гаджеттің жүктілікке кері әсер тигізетінін айтты