Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

iPhone 14 қашан шығатыны белгілі болды

Apple компаниясы жаңа өнімдерін 7 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.00-де таныстыратын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі компания сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Apple Park кампусындағы Стив Джобс театрында өтеді.

Apple тұсаукесерде iPhone 14 смартфондар желісін және Apple Watch Series 8 смарт-сағатын таныстыратын болады. Бұнымен қоса компания iOS 16 және басқа микробағдарламалардың шығу күнін жариялайды.

Сондай-ақ Apple тұсаукесер аясында Apple Watch SE 2 және Apple Watch Pro-ны таныстыруы мүмкін. Бұл туралы бұрын Bloomberg сарапшысы Марк Гурман хабарлаған болатын.

Талқылау