Инженер жігіт өзі құрастырған робот-әйелге үйленіп алды

31 жастағы инженер Чжен Цзеся өз арманындағы қызды қолдан құрастырып шыққан.

8585

Бұл туралы Eg.ru хабарлайды.

Чженнің айтуынша Инъин есімді робот қызды жасау аса қымбатқа түспеген. Жас жігіт AI-маман және робот құрастырумен айналысады. Ол бұған дейін Huawei компаниясында жұмыс істеген. Ал қазір Гуанчжоуда Dream Town стартапымен бас қатырып жатыр.

Әйелінің жасанды интеллекті бар. Робот сөйлеп, түсініп, әрекетке сай қимылдай алады. Бағдарламада бірқатар көзқарастар енгізілгендіктен, кейде ол өзінің құрастырушысымен келіспей де қалады екен.

Той жергілікті дәстүр бойынша өткізілген. Келіншектің үстінде қара костюм, ал басында қызыл орамал болыпты. Олардың интимді қарым-қатынастары туралы ештеңе белгісіз. Бірақ, мамандардың айтуынша әйелдің жыныс мүшесін роботқа енгізу, оны сөйлетуге қарағанда әлдеқайда оңай көрінеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр