Еліміздің президенті инвесторларды үш жыл салықтан босату керегін айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында өңдеу өнеркәсібін қолдау мақсатында инвесторларды үш жылда салық пен басқа да міндетті төлемдерден босату қажет екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президенттің айтуынша, геологиялық зерттеуді өз қаражаты есебінен жүзеге асыратын инвесторларға жер қойнауын пайдалануға басым құқық берілу керек.
“Кешенді мемлекеттік сараптаманы енгізу және процесті толық цифрландыру арқылы жобаларды келісу мерзімдері мен рәсімдерін екі есе қысқарту қажет”, – деді мемлекет басшысы.
2026 жылға қарай геологиялық-геофизикалық зерттеу аумағын 1 жарым миллионнан 2 миллион 200 мың шаршы шақырымға дейін жеткізуді талап етті.
“Биыл жылдың соңына дейін саланы дамытудың кешенді пайымын әзірлеуіміз керек. Өңдеу өнеркәсібін қолдау мақсатында шетелдік және отандық инвесторларды алғашқы үш жылда салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден босату қажет. Бұл өңдеуші индустрияға серпін береді", – деді Тоқаев.
Талқылау