Инвестор үшін табылмас қабілет: Ақшаңызды қалай еселеуге болады?
Қазіргі таңда ақша тауып қана қоймай, оны еселеп жинаудың бірнеше жолдары бар. Мәселен, кейбір қазақстандықтар өз қаражатын депозиттерге салуды жөн көрсе, енді біреулері алтын, тағы басқалары құнды қағаздарды сатып алуды құптайды. Бүгінде жүз мыңнан астам отандасымыздың Бағалы қағаздар орталық депозитарийінде жеке шоты бар көрінеді. Ал жыл өте келе олардың саны одан сайын артпаса, кеміген жоқ.
Ақшаны қалай жинаған дұрыс? Қаржы сарапшылары жиған-тергеніңізді бір күйде сақтауға кеңес бермейді. Айтуларынша, егер ақшаңыздың сізге пайда әкелуін көздесіңіз, диверсификация әдісін пайдаланған жөн. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, диверсификация - қорыңызды бір жәшікте сақтамау. Яғни, көлеміне қарай ақшаңызға алтын, шетелдік валюта, құнды қағаз, тіпті, жылжымайтын мүлік сатып алуға болады.
Ертеңгі күнді ойлап, ақша жинай бастау - өте дұрыс шешім. Десек те егер қаражатыңыз сіз мақсатыңызға қарай "жұмыс істемесе" не пайда? Сол үшін инвестициялаудың ең ұтымдысын таңдай білу де кез келген адам үшін қажетті қабілет болмақ.
Мысалы сіздің қолыңызда 1 миллион теңге болсын делік. 2019 жылы сіз бұл ақшаны әртүрлі инвестиция құралдарына аудардыңыз. Олардың әрбірі уақыт өте келе қалай өзгергенін байқай аламыз.
Кестеден көріп отырғанымыздай, жылжымайтын мүлік сатып алу сияқты ең тиімді әрі көп қаражат құюды қажет етпейтін инвестиция құралы - құнды қағаздар екенін байқауға болады.
Қор нарығында дұрыс инвестициялау әр адамның қолынан келе бермейді. Бұл да үйренуді қажет ететін маңызды қабілеттердің бірі. Ал егер бір шешімге келіп, қор жинау туралы ойлап жүрсеңіз, құнды қағаздарды сатып алудан бастаған жөн. Осы арқылы сіз қаражатыңыздың жедел және оңай өсуін қамтамасыз етіп, маңызды мүмкіндіктерді қалт жіберіп алмауды үйренесіз.
Қор жинауды ойлап жүрген адам өзіне жасалатын инвестиция жайлы естен шығармаған жөн. Себебі білім алып қана қоймай, оны тәжірибеде қолдана білудің өзі де өнер. Ал егер қаржы сауаттылығыңызды арттырып, инвестициялаудың қыр-сырын жетік меңгергіңіз келсе, "Фридом Финанс" ұйымдастыратын "Инвестициялау өнері" кіріспе сабағына қатысып көріңіз.
Алғашқы тегін сабақта жоғары квалификациялы, инвестиция нарығындағы тәжірибесі бар қаржы мамандары қор жинаудың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы, диверсификацияның әрбір түріне жеке тоқталып, жеке қаражатыңызды қалай дұрыс пайдалану керектігін, енді қор жинауды олйап жүрген инвестор үшін қалай қателік жібермеуді, жалпы ақшаңызды қалай еселеп өндіруді сіздерге тізіп, айтып береді.
Толық ақпаратты білу үшін төмендегі сұратылым формасын толтыруыңызға болады

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
