Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интернеттен порнография, есірткі мен суицидті насихаттайтын 10 мың заңсыз материал табылды

Былтырға қаңтардан бері елімізде порнографияны, есірткі мен суицидті насихаттайтын 10 мыңнан астам заңсыздық тіркелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының ЛГБТ идеологиясымен күрес туралы сауалына берген жауабында айтылған

"Қоғам санасына теріс әсер етуі мүмкін ақпараттың таралуын болдырмау және мәдени-отбасылық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді насихаттау, сондай-ақ қоғамды, әсіресе балаларды дәстүрлі емес идеологиядан қорғау мақсатындағы жұмыс белсенді жүріп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарына жүргізілген мониторинг нәтижесінде Қазақстан халқының ғасырлар бойғы дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын бұзуға бағытталған материалдар тіркелмеді. Сондай-ақ, телеарнада азғындықты насихаттайтын және қоғамға моральдық зиян келтіруге шақыратын бағдарламаларға жол берілмейтінін атап өткен жөн. Мемлекеттік органдар арқылы интернет кеңістігіне тұрақты мониторинг жүргізіледі", - деп жазады Алтай Көлгінов.

Оның айтуныша, 2022 жылғы 1 қаңтар мен 2023 жылғы 31 наурыз аралығында порнографиялық материалдарды, есірткі құралдарын таратуға, суицидті насихаттауға байланысты 10 мыңнан астам бұзушылық анықталған.

Талқылау