Интернатта зорланған бала: Түркістан облысының полицейлері өз пікірлерін айтты
Түркістан облысының ПД қызметкерлері интернатта зорланған баланың ісіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2018 жылдың 20-сәуір күні кәмелетке толмаған балам зорланды деп Түркістан облысының тұрғыны шағымданыпты. Оның арызы тіркеліп, ҚР ҚК-нің 121 бабы 4 бөлімі бойынша іс қозғалған.
2018-2019 жылдар аралығында тиісті тергеу шаралары жүргізіліп, куәгерлердің сөздері тыңдалыпты. Бірнеше сараптама Алматы қаласына жіберілген.
Полиция қызметкерлері арыз түскеннен кейін шағымданушы әйел қайта келіп, өз шағымын кері қайтарып алған. Азаматша балам барлығын ойдан құрастырған деп ақталыпты. Оның сөздері бейнежазбаға түсіріліп, баланың ісіне қатысты хаттамаға тіркеліп қойылыпты.
Барлық процессуалды шаралар шағымданушы тараптың, психологтар мен прокурорлардың қатысуымен жүргізілген. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес жәбір көрген ұл баланың денесінен еш жарақат табылмапты. Дегенмен баланың анасы Жоғарғы сотқа арыз түсіргеннен соң іс қайта басталған.
Қазіргі таңда соталды тергеу ісін Түркістан облысының ПД өз қадағалауына алыпты.
Бұған дейін Түркістан облысында оқушының анасы кінәлілер жазаланбады деп наразы болғаны айтылған еді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
