Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интернатта өскен Мақпал Жүнісова онда көрген қорлығын ұмыта алмай жүр

Мақпал Жүнісова осы күнге дейін ішінде бүгіп келген жан сырымен бөлісті. Интернатта өскен Халық әртісі онда көрген қорлығы жайлы айтты. Әнші әлі күнге дейін ұмыта алмайтын оқиғаны еске алды.

Бұл туралы Мақпал Мұхамедиярқызы Zhuldyz.tv арнасының “Сенбілік серуен” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Мен өзім даланың қызымын, қаланың қызымын. Ата-ананың тәрбиесін көрмеген, 3-сыныптан бастап қалаға кеткен, интернатта өскен қызбын. Интернатта тұрып, өмір сүрудің өзі оңай емес. Естімеген нәрсені естідік, көп қиындық көрдік. Ата-ананың жылулығын көп сезінген жоқпыз. Таяқ жеген кездерім де болды”, – деп бастады сөзін Мақпал Жүнісова.

Бұдан кейін Халық әртісі жоғары сынып қыздарынан таяқ жеген күндерін еске алды.

“11-сыныптың 5-6 қызы мені теуіп, мектептің ішіндегі бақта мені ұрды. Не үшін дейсіз ғой? Ешқандай кінәм жоқ, мысалы. Ол қыздарды осы күнге дейін танимын, түрін де, атын да білемін. Айтпай-ақ қояйын. Бізге дене шынықтыру сабағынан мектепке практиканттар келді. Сонда Майдин деген ұйғыр жігіт келді. Мен 8-сынып оқимын, әлгі қыздар 11 оқиды. Мен мектепте әнші ретінде өте танымал болдым ғой. Сонда әлгі Майдин деген жігітке менің даусым ұнап қапты. Сосын ол: “Мақпал, ән айт”, – дейді ғой маған. Менің ешқандай арам ойым жоқ тұрып алып алдында ән айттым, ол үлкен жігіт. Сөйтсем 11-сыныптың қыздары соған ғашық екен.

“Мақпалочка” деп мені жақсы көріп, енді жақсы ән айтқаным үшін жақсы көрген шығар. Арамызда махаббат деген болмаған. Содан корпустан келе жатсам, мені бұрыштан кіргізіп алып, қыздар тепкілеп, “соплячка” деп шашымнан жұлып, жерге ұрып-жығып, қанжоса қылған. Сол есімнен кетпейді. Сонда ештеңе жасай алмадым. Өзім шалғайдан Қарағанды облысынан келген қызбын ғой”, – деп еске алды Мақпал Мұхамедиярқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас өзін “тексіз” деп айыптаған жігітті орнына қойды

Тәуекел Мүсілім өзіне берілген оқу грантын мұқтаж жанға сыйға тартты (фото)

Алтынай Жорабаева тікелей эфирге алдап шақырған Ләйлә Сұлтанқызына ұрсып тастады

Қазақстандық Софи Манасян Анджелина Джолимен кездесті

 

Талқылау