Инстаграмдағы “биші-миллионер” әбден қарызға батқан адам болып шықты
Италиялық миллионер Джанлук Вакки біраз уақыттан бері әлеуметтік желі арқылы танымал болып, көптеген қыздардың сүйіктісіне айналып үлгерген. Алайда бизнесі банкротқа ұшыраған Вакки, қазіргі күндері бар ақшасынан айырылып қалған.
Бұл туралы graziamagazine.ru хабарлайды.
Қымбат өмір сүретінін айшықтап көрсететін ол, тамаша биімен көпшілікті таңғалдырған еді. Оған есі кете ғашық болғаны соншалық, әлемнің әр түкпірінен қыз-келіншектер хабарласып, әйел болуға дайын екендіктерін де айтыпты.
Жақында Вакки Ресейге ат басын бұрған. Енді ол осы жақта тойларда би билеп ақша тауып, қарыздарын жабуға кіріспекші екен. Арнайы агентпен келісім-шартқа отырған бизнесмен, 40 мың евро ұсынған адамның тойына барып, би билеп береді.
Ваккидің Ресейде шынында да жолы болатын сияқты. Оны өз тойларынан көргісі келетіндер қазірдің өзінде тым көп екен. Тіпті құлай сүйген кей әйелдер оның бар шығынын мойындарымен көтеруге әзір екенін де айтыпты.
Оқи отырыңыз:
Әйел балаларын пәтерге тоғыз күнге қалдырып кетіп оларды аштан өлтірген
Ресейде жастар мектеп бассейнінде эротикалық кеш өткізді (видео)
Лондонда қуыршақтармен секс қызметін ұсынатын кафе ашылмақ
Саур Арабиясының тұрғындары көше сыпырушыға көп алтын мен қымбат смартфондар сыйлады