Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Инсайдер Айдос Ербосынұлының нокауттан кейінгі жағдайы туралы айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) нокауттан кейінгі жағдайы туралы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айдос Ербосынұлы

Миннеаполисте өткен кездесуде отандасымыз кубалық Давид Моррельге (8-0, 7 КО) есе жіберген еді. Жекпе-жекте боксшылар супер орта салмақта WBA белбеуін сарапқа салған еді. 

“Айдос Ербосынұлына қатысты ақпарат келіп түсті. Ол жүріп, сөйлей алады. Қазір көңіл-күйі де жақсы", – деп жазды инсайдер Дэн Каноббио. 

Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы комадан шыққан соң мәлімдеме жасап, жанкүйерлеріне алғысын жеткізген еді. 

Талқылау