Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Almaty Hub by Astana Hub": Tech Garden жаңартылған мәртебеде жұмысын жалғастырады

Қазақстанның инновациялық экожүйесін стратегиялық түрде дамытып, өзгерту шеңберінде Қор филиалының атауы мен брендингіне өзгерістер енгізілді. Бұрын Tech Garden брендімен қызметін жүзеге асырған “инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры қазір өз жұмысын жаңартылған мәртебеде жалғастырып жатыр.

Almaty Hub by Astana Hub

Бұл өзгеріс инновациялық ортаны қалыптастырып дамыту, технологиялық кәсіпкерлікті қолдау, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларына озық цифрлық шешімдерді енгізуде қызметті одан әрі күшейтуге бағытталған. 

Almaty Hub бұрын іске асырылған бастамалардың сабақтастығын сақтайды. Сондай-ақ, инвестициялар тарту, индустриялық инновацияларды дамыту және жоғары технологиялық компаниялардың дамуына қолайлы жағдай жасауды белсенді түрде жалғастырады. 

Филиал басшысы тағайындалды

Бекітілген кадрлық шешімдерге сәйкес, 2025 жылдың 1 наурызынан бастап Almaty Hub бас директоры лауазымына Тасмұхан Ержан Тасмұханұлы тағайындалды.

Ержан Тасмұханұлының қаржы-экономика саласында, ірі компанияларда операциялық қызмет пен стратегиялық басшылық бағытында көп жылдық тәжірибесі бар. Ол банк секторы, газ саласы, логистика, пошта және ғарыш байланысы сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтарды басқаруда маңызды жобаларды жүзеге асыруға тікелей атсалысқан.

Жаңа басшыны тағайындау филиалдың стратегиялық дамуын күшейтеді. Маңызды әріптестермен ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстанның инновациялық экожүйесін ұзақ мерзімді түрде дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Ержан Тасмұханұлының басшылығымен Almaty Hub озық технологияларды жедел енгізуде бизнестің, ғылымның және мемлекеттің өзара тиімді әрекеттерін қамтамасыз етіп, дамудың жаңа кезеңіне шығатынына сенімдіміз.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 21 Сәуір, 2025 13:31
Талқылау