Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кездесулер: Досаевтың сөзін сурдоаудармашылар аударады

Алматы әкімінің халықпен кездесулері кезінде сурдоаудармашылар да жұмыс жасайтын болады.  Бұл туралы Ерболат Досаев Әуезов халықпен кездесу кезінде аудан тұрғынының инклюзивті қала құру жөніндегі сұрағына қатысты айтты. 


"Инклюзия мәселелерін біз мегаполис үшін басты бағыттардың бірі ретінде анықтадық. Қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедек жандар үшін бейімдеу жобасы іске асырылуда. Қазір бізде трансляция сурдоаударма арқылы көрсетіледі. Мен кездесу өтетін жерде сурдоаудармашылардың  да  трансляция арқылы көрсетілуі мүмкіндігін қарастыруды айтамын. Ал сіздерді әкімдікпен ынтымақтасуға шақырамын, сіздің ұсыныстарыңызды біз қарастыруға дайынбыз және егер сіз бізге осы мәселелерде көмектессеңіз, қуаныштымыз", - деп атап өтті Досаев. 

Еске салсақ, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі Алматы телеарнасының эфирінде сурдо сүйемелд арқылы  өтуде. Бұл- қала басшысының мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарды бейімдеу жөніндегі бастамасының бір бөлігі. 

Сондай-ақ, әкімнің бастамасы бойынша қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедек жандар  үшін объектіні бейімдеу жобасы іске асырылуда. Осы орайда Алматыда алғаш рет әлеуметтік нысандарды паспорттау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 

"Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар" аясында 75 мың нысанды паспорттау жоспарлануда. Оның ішінде 7,5 мың нысан 2023 жылдың соңына дейін паспорт алады.  
Жеке меншік объектілер бойынша деректерді анықтау  және олқылықтарды жою үшін  Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің |Алматы қаласы бойынша  департаментіне нұсқау берілетін болады. Меншік иелері бұдан бас тартқан жағдайда  оларға 120-дан 400 АЕК-ке дейін (414 мыңнан 1,4 млн теңгеге дейін) айыппұл салынады.

 

Талқылау