Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Інісінің өмірін сақтап қалған қыз өзі өмірден озды

Сауд Арабиясында мұсылман қызы мектепте оқитын туған інісін асқынған аурудан арашалап, өзі өмірден өтті.

zjUZMc88MsUxNUjY-lg

Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

22 жасар Рим есімді қыз 12 жастағы інісі Файсалдың өмірі үшін өз өмірінің соңғы сағатына дейін күресті. Жедел түрде інісінің бүйрегін ауыстыру үшін көптеген әлеуметтік желілерге хабарлама таратты. Өтініш-тілегі жауапсыз қалмады. Әскери саланың қызметкері жас балаға донор болуға келісім берді.

“Аллаға мақтаулар болсын. Ініме көмектесуге қол созып, сіз менің жүрегімді тыныштандырдыңыз” деп жазады Рим әскери азаматқа жолдаған хатында.

“Менің інімнің тірі қалуы үшін өз тәнін бөлісіп, бүйрегін берген адам Алланың қалауымен оның сауығуына себепші болды. Алла Тағала оның тезірек денсаулығы қалпына келуін нәсіп етсін” дейді Рим.

Осы оқиғалар орайымен, операция сәтімен аяқталғаннан кейін Файсалдың әпкесі күтпеген жерден ұйқы үстінде дүниеден өтті.

 

Талқылау