Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Інісі үшін кек алған: Түркістан облысында ер азаматты айуандықпен өлтіріп кеткен

Жуырда Түркістан облысының Қазығұрт ауданында бірнеше жеріне пышақ сұғылған азамат қайтыс болған. Марқұмның туыстары бауырын өлтірген азамат мұны қасақана, кек алу мақсатында жасады деп отыр. Өйткені, қайтыс болған Оралбай Тілемісов осыдан жеті-сегіз жыл бұрын қазір күдікті ретінде ұсталған азаматтың інісін өлтіріп сотталған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.  

марқұм

Марқұмның туыстарының айтуларынша, кісі өлтіріп, жазасын өтеп келген бауырының артын аңду бір сәтке де толастамапты. Астанада жүрген туысы ауылға келсе, өлтіремін деген қорқытулардан барынша сақтанып келген. Алайда жолын кескендер бірнеше жеріне пышақ сұғып, аяусыз өлтіріп тынды. Енді босаңсыған тергеу амалдары оның жазадан құтылып кетуіне әкелуі мүмкін деген күдіктерін айтады.

"Оның ол жерге баратынын қай жақтан біледі. Не қылатынын қайдан біледі. Пышақты жақсылап дайындаған. Сыртында ораған қағазы да бар. Милициялар алып кеткен. Оның барлығы жоқ болып жатқан сияқты менің ойымша", - деді марқұмның әпкесі Фарида Тілемісова.

"Кірсек те шықсақ та, қай жерде көреді, қанға - қан, жанға - жан, бауырыңды өлтірмей, ешқашан тынбаймыз. Тек осылай. Әкемізді ұрып жібереді. Үйдегі келініміз екіқабат. Келеді де, пышақпен қорқытады, ішіндегі баласы өледі екі. Одан үйдегі ініме пышақ сұғады", - дейді марқұмның әпкесі Дәмеш Тілемісова.

Қозғалған қылмыстық істің баптары өзгеруде дейді марқұмның туыстары. Біздің кейінгі берген уәждеріміз назарға алынбай жатыр дейді. Тергеу басқармасы істің әу баста қасақана адам өлтіру дерегімен қозғалғанын растады. Тек қай баппен айып тағылғанын нақтылаған жоқ. Тек күдікті қамауға алынды деумен шектелді.

"Тергеп тексеру нәтижесімен тергеу амалдары толығымен жүргізіліп, құжаттар жиналып, қылмыстық іс қазіргі таңда сотқа жолданған болатын", -деді Түркістан ПД-нің тергеу басқармасы басшысының орынбасары Малик Қайбар.

Сондай-ақ, шағым берушілер күдіктінің туыстары кешірім сұрап келмек былай тұрсын, екі жақтан да адам өлді, бірде бір болдық дегенін басыну деп түсініп отыр. Телеарна келді дегенді естіп, кешірім сұрауға сыртта өкілдер келіп тұр, оларды үйге кіргізбейміз деп туыстары сыртқа шығып, келген "қонақтарды" қуғандай болды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 28 Желтоқсан, 2020 15:51
Талқылау