Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индустрия вице-министрі қызметінен босатылды

Аманияз Ержанов Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үкімет қаулысымен Аманияз Қасымұлы Ержанов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Аманияз Ержанов 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, ВЛКСМ Жоғары комсомол мектебін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы бас инженер-гидротехник қызметінен бастаған.

2018-2019 жылдары – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Гүлдана Қазтай
Бейсенбі, 01 Шілде, 2021 18:31
Талқылау