Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезияда ақшаны сиқырмен көбейтуге уәде берген бақсы 12 адамды улап өлтірген

Индонезия полициясы Ява аралындағы ауыл бақсысын кем дегенде 12 адам өлтірді деген күдікпен ұстады. Оның бақшасын бірнеше мәйіт табылған. Сламет Тохари есімді бақсының өзі бұған дейін он шақты адамның өмірін қиып, көміп тастағанын мойындаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

бақсы

Полиция мәліметіне сәйкес бақсы сиқыр арқылы адамдарға ақшасын көбейтіп беруге уәде берген. Бірақ ақшаны еселеп қайтарудың орнына адамдарды улап тастаған. 

Оның әрекеті кезекті құрбандарының бірі әкесі соңғы рет аттанған үйді полицияға көрсеткен соң ашылған. Ер адам ұлына WhatsApp арқылы хабарлама жіберіп, 26 наурызға дейін үйге оралмаса, полицияға хабарлауды сұраған. 

Бұл ақпараттан кейін Деса Балун ауылындағы Тохаридің үйіне келген полиция ауладан бірнеше қатты терең емес зираттарды анықтапты. Кейбірінде 25-50 жас аралығындағы зорлық белгілері жоқ 2-3 мәйіттен табылған. 

Сламет Тохари жалтармай, кісі өлтіргенін бірден мойындаған. 2022 жылы ол жалған ақша жасағаны үшін істі болған. Енді кінәсі дәлелденсе, өлім жазасына кесілуі мүмкін. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес Тохари адам өлтіруді 3 жыл бұрын бастаған. Құрбандарын жоралғы өткізу үшін үйіне шақырып, калий цианисті қосылған сусын ішкізген. 

Кейін полиция бақсыға көмектесіп, ақшаны сиқыр арқылы көбецту қызметін әлеуметтік желіде жарнамалап берген ер адамды ұстады. Дегенмен Тохари қылмысты жалғыз жасағанын айтқан. 

Талқылау