Индияда Қазақстан азаматы адам саудасымен айналысты деген күдікке ілініп, қамауға алынды
Индияның Гоа штатында үш ер адам Таиландтағы киберқылмыстық орталықтарда адамдарды алдап соқты деген күдікке ілінді. Олардың ішінде Қазақстан азаматы да бар. Күдіктілер қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hindustantimes басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik
Полиция мәліметінше, 22 жастағы Таланити Нулакси атты айыпталушы 26 наурызда Нью-Делидегі Индира Ганди халықаралық әуежайында қамауға алынды. Оған сол күні елден қашпақ болған кезде іздеу жарияланған.
Полиция Бенгалор тұрғыны 22 жастағы Адитя Равичандран мен оның басшысы Мумбай тұрғыны, 36 жастағы Руопнараян Гуптаны тұтқындағаннан кейін Нулаксидің ізіне түсті. Ол адамдарға шетелде жұмыс табуға көмектесетін айтып, алдаған.
"Ұйымдасқан қылмыстық топ WhatsApp, Telegram, WeChat және Zoom сияқты әлеуметтік желілерді пайдаланып алаяқтық әрекеттерін жүзеге асырған. Күдіктілер жұмысты талқылау үшін Zoom-да кездесулер мен сұхбаттар өткізген. Екінші айыпталушы Адитя Руопнараян Гуптаның қол астында жұмыс істеген. Ол Мулунд-Вест, Мумбайдағы рекрутингтік агенттік Эванканы басқарған. Агенттік Сыртқы істер министрлігінде тіркелмеген. Руопнараян кандидаттар туралы мәліметтерді елдегі агенттерінен алып отырған", – дейді полиция бастығы Рахул Гупта.
Полиция бастығының сөзінше, Таланити Нулакси Бангалорда бес күн тұрып, байланыс орталығын құруға көмектескен.
"Қытай азаматтары Таиландта, Камбоджада жұмыс істейді. Олардың иерархиясы бар, ұйымдасқан механизмі бар. Бұл осы үлкен желінің бөлігі. Мұның алдағы бірнеше күнде жалғасатын ауқымды тергеудің бір бөлігі болары анық", –деді Гупта.
Гоа полициясының бас директоры Алок Кумардың айтуынша, қылмыскерлер жас қыздарды "үйде істейтін жұмыс" деп алдап шақырып, бал аулау және бопсалау үшін пайдаланған.
"Сондай-ақ қылмыскерлер Камбоджада, Таиландта, Мьянмада, Үндістанда және Непалда байланыс орталықтарын ашуды жоспарлаған. Қазірргі уақытта бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ олар көпқабатты үйлерден пәтер жалдау қызметін де ұсынған”, – дейді Алок Кумар.
Айта кетейік, бұған дейін Жан-Клод Ван Дамм Румынияда адам саудасына қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылғаны туралы жазған едік.