Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Индираны онымен салыстырма": Гүлзира Айдарбекова экс келіні Жібекті айтқандарға ашуланды

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші ұлының бұрынғы әйелі Жібекті айтқан оқырманына шүйлікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Айта кетейік, продюсердің кіші ұлы Заңғар Жібек есімді арумен бас қосып, көп ұзамай ажырасып кеткен еді. Бір оқырманы ұлының қазіргі келіншегі Индираны экс келінімен салыстырып, продюсерден сөз естіді. 

“Жібектің кімі боласыз? Ол Индирадан алты жас үлкен. Оның жасына жеткенде бәрін үйренеді. Индира әлі жас. Қайтесіз салыстырып, жақын білмеген соң. Біреудің перзентін кемсіту – өзіңіздің кемшілігіңіз. Сіздікі шындық емес. Ішіндегі күйік өртеп, титімдей қызды өсектеп отырсыз. Келінімнің ақылы да, миы да сізден көп. Индираны онымен салыстырма”, – деп жазды продюсер. 



Айта кетейік, продюсер келіндеріне блогерлікті үйретіп, оқырман жинап бергенін жасырмаған еді.

“Келін – ененің топырағынан” деген сөз бар. Үш келінім үш түрлі тәрбиеде, үш түрлі отбасынан шыққанымен айналып келгенде өз аналарының емес, менің жолымды қуған. Ол жағын Айгерам мойындап отырады. Мен-мен, мен өзім демей, “Мама сіз басында айтқанда мен олай бола алмаймын, эфирге шыға алмаймын, инста жүргізе алмаймын” деуші едім ғой, ал сіз “Адамның жасағанын адам жасай алады” дейтінсіз. Енді қарасам шынында солай екен” деп риза болып отырады. Қазір өз оқырмандары бар, жетерлік”, – деген еді Гүлзира Үсенқызы. 

Талқылау