Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индира Расылхан күйеуінің арманын орындау үшін фильм түсірмекші (фото)

Әнші Индира Расылханның күйеуі аспазшы. Ол мамандығы бойынша Астанадағы мейрамханалардың бірінде жұмыс істейді. Алайда бүгінде елді дәмді тағамдарымен қуантып жүрген азамат бала күнінен актер болуды армандаған. Бұл орайда Индира Расылхан күйеуінің арманын орындау үшін фильм түсірмекші.

Фото әлеуметтік желіден

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Соңғы кездері ел арасында “Индира Расылханның күйеуі тоқал алған, сондықтан да әнші азаматымен ажырасып кеткен” деген әңгіме тараған. Бұған себепті әншінің өзі берген көрінеді.

“Неке жүзігін тақпасам, жұрттар ажырасып кетті деп ойлайды екен. Сырттан естіп қаламын: “Ажырасып кеткен екенсіз”, – деп жатады. Шынында мына жүзігім басқа саусағыма сыймайды, сондықтан неке жүзігін алып, орнына тақтым. Негізі мен күйеуімді көп көрсетпеймін. Асекең де эфирге шыққанды көп ұнатпайды”, – деп түсіндірді әнші.

Фото: “Айта берсін” бағдарламасынан скриншот

“Жақында жолдасыммен бірге түсірілетін фильмді тамашалайсыздар. Біз басты рөлді сомдаймыз. Ол әзірге құпия. Бағытын, барлығын ойлап, жасап жатырмыз. Дегенмен де қазір осы жобамен айналысудамыз.

Күйеуімнің арманын жақында ғана білдім. “Арманым фильмге түсу” деген кезде шалқамнан құлай жаздадым. Осы уақытқа дейін қалайша айтпай жүрдің? – десем: Жүрегімнің түбінде арманым жататын дейді, онда фильм жасайық деп шештік”, – дейді әнші.

Фото: “Айта берсін” бағдарламасынан скриншот

Әншінің айтуынша, оның жолдасы өнерден мүлдем алыс адам.

“Айтсам таңғалатын шығарсыздар. Күйеуім аспазшы, Астанадағы үлкен мейрамханалардың бірінде аспазшы болып жұмыс істейді. Үйде рахат, неше түрлі тағамдар жасайды”, – дейді Индира.

Жіберіп алмаңыз:

Белгілі заңгер: Қызындай жалаңаш әншіге ақша қыстырып мәз болған ер азаматтарда ұят жоқ

Жұлдыз Әбдікәрімова келін болып түскенде қандай сынақтан өткенін айтты (фото)

Роза Әлқожа інісінің отбасылық құпиясын ашып қойды

Ерболат Беделхан төртінші рет әке атанды (фото)

Талқылау