Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Импорттық ағаштардың химиялық құрттары жеп жатыр": Іле Алатауының жабайы алма ағаштары жойылып кету алдында тұр

Қазақстандық белгілі кәсіпкер Зейнолла Кәкімжанов  Іле Алатауындағы жабайы алмаларға қандай қауіп төніп тұрғанына қатысты өз пікірін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Фото: Зейнолла Кәкімжанның Facebook парақшасынан 

Бұл туралы бизнесмен өзінің Facebook парақшасында жазды

 "Іле Алатауының жабайы алма ағаштарына қауіп төніп тұр. Мына фотосуреттерден Алматы облысының тау бөктерінде қаулап өсіп тұрған жабайы алма ағаштарының бүгінгі жай-күйін көруге болады. Ағаштарда тіпті, жапырақ та өспейтін болған.  Болған күннің өзінде олар қоңыр түске боялған. Тау бөктеріндегі ағаштардың бәрінде осындай жағдай. Үлкендердің сөзінше, мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Жапырақты жейтін көбелектер мен дернәсілдердің көбейіп кетуінен болуы мүмкін деп болжайды", – деп жазды Зейнолла Кәкімжанов.

Алайда, кәсіпкердің өз болжамы бар. Ағаштардың осындай күйге түсуін импорттық алма ағаштарын әкелумен байланыстырып отыр.

 "Импорттық алма ағаштарымен бірге жеміргіш құрттардың да жаңа түрі пайда болған. Бұл құрттар қолайлы климаттық жағдайдың арқасында көбейіп, алма ормандарына баяу тарай бастады. Ал мұндай құрттарға жабайы алма ағаштары төзімді емес. Біздегі жабайы алма ағаштары табиғи болғандықтан, талғампаз болады. Өнеркәсіптік бақтарда бұл құрттардың түрін химиялық қорғаныс құралдарымен бүркіп қысып тастаған, сондықтан ол көрінбеуі мүмкін", – деп мәлімдеді кәсіпкер. 

Зейнолла Кәкімжанов мұны шұғыл қолға алу керек деп есептейді. 

“Мәселеге бей-жай қараса, әлемдегі алма ағаштарына тән барлық ағаш жойылып кету алдында тұр. Мұндай құрт пен көбелектер бейімделіп, басқа өсімдіктерді, ең алдымен табиғи алма бақтарын кеміре бастайды. 

Эпидемияны тек химиялық агроавиацияны қолдану арқылы жеңуге болады, бірақ экобалансты одан әрі бұзбау үшін өсімдіктерді қорғауды дұрыс таңдау өте маңызды. Алайда бұл мәселені республикалық, ең болмағанда аймақтық деңгейде көтеріп жатқан ешкім жоқ. Табиғатқа бей-жай қарамайтын әрбір адам осы мәселені көтеруіңізді сұраймын. Бұл – маңызды мәселе", – деп жазды Зейнолла Кәкімжанов өзінің  парақшасында.

Stan.kz тілшісі ауыл шаруашылығы министрлігіне сұрау салып, мәселенің қалай шешілетінін сұрады.

“Ауыл шаруашылығы министрлігі Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясының өкілдерімен "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы "Іле Алатауы" ұлттық саябағында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ұлттық парк аумағын зерттеу барысында жеміс ағаштарында қоныстанған дернәсілдердің үлгілері іріктеліп, филиалдың Алматы аймақтық карантиндік зертханасына жіберілді. Нәтижесінде карантин фитосанитариялық сараптаманың қорытындысына сәйкес сынамалардан карантин нысандары табылмады", – деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Министрліктің хабарлауынша, қазір мемлекеттік орман қорын зиянкестерден қорғау үшін мониторинг жүргiзіліп, оларды оқшаулау және жою шаралары басталған. 

Талқылау