Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Импичмент жарияланған Перу президенті қамауға алынды: Елде алғаш рет әйел президент болып тағайындалды

Перу парламенті үкіметті таратып жібермек болған президент Педро Кастильоға импичмент жариялады. Оның орнына вице президент Дина Болуарте билікті қолына алып, көпшілік алдында ант қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

перу президент

Бұған дейін Педро Кастильо Республика Конгресін уақытша үкіметпен ауыстыратынын мәлімдеген. Алайда парламент шұғыл жиналыс шақырып, мемлекетік басшысына импичмент жариялады. 

Бұдан кейін Перу полициясы Твиттерде Кастильоның полиция учаскесінде отырған суретін жариялады. Ал парламент уақытша президент ретінде Дина Болуартені тағайындаған. Болуарте ұлттық дағдарысты еңсеру үшін саяси келіссөзге келуге шақырды. 

60 жастағы Дина Перу тарихындағы алғашқы әйел президент атанды. Ол бұл лауазымда 2026 жылға дейін отыратынын айтты. 

Перуде президент пен парламент арасындағы шиеленіс Педро Кастильоның ұлттық телеарнадағы мәлімдемесінен кейін ушықты. Ол мемлекетте төтенше жағдай енгізіп, парламентті тарататынын айтқан. 

АҚШ Кастильоны өз шешімінен бас тартуға шақырған. Ал вице-президент Дина Болуарте президентті конституциялық тәртіпті бұзды деп айыптаған. Дегенмен Перу полициясы мен қарулы күштері әрі қарай да конституциялық ережеге бағынатынын мәімдеді. 

Талқылау