Иммунолог коронавирус пандемиясының аяқталу шартын атады
Әлемдегі COVID-19 жағдайларының рекордтық өсуін пандемияның жалғасы деп санауға болады. Бұл пікірді медицина ғылымдарының докторы, иммунолог, аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман Владислав Жемчугов, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бірінші толқынға ілікпегендер, әсіресе, қабылданған шаралар вирустың таралуын іс жүзінде тоқтатқан аймақтардағы және елдердегі адамдар ауыра бастады", - деді иммунолог.
Сарапшы коронавирусты жанғыш материалмен салыстырды. Алайда, аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман бұл жағдайда қорқатындай ешнәрсені байқамағанын атап өтті.
Ол елдердің үкіметтері денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына сүйене отырып, жаңа шектеу шараларын енгізуі керек деп санайды.
"Егер олар денсаулық сақтау жүйесі орташа және ауыр жағдайдағы науқастардың санының артуы мен олардың өліміне жол бермейді деп ойласа, онда кішігірім шектеу шараларын енгізуге болады. Денсаулық сақтау жүйелері ең жоғары деңгейде болуы керек, сонда пандемия тезірек аяқталады", - деді Владислав Жемчугов.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен тәулікте әлемде 307,9 мың COVID-19 инфекциясы анықталғанын хабарлады. Бұл осы уақытқа дейінгі рекордтық өсім екені атап өтілді.