Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сегіз жылға сотталған Ақтөбе облысының экс-әкімі түрмеге түспеу үшін 229 миллион теңге төлеген

Сыбайлас жемкорлық әрекеті үшін сотталған Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаев қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін танысына 100 млн теңге ақша берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Facebook/Ермек Имантаев

2022 жылдың көктемінде Ермек Имантаевқа танысы Нұрлан Балтаев хабарласқан. Ол Имантаевқа сыбайлас жемкорлыққа қарсы қызмет агенттігінде танысы арқылы қылмыстық жауапкершілік құтылуға болатынын, ондай көмектің құны 100 миллион теңге болатынын айтқан. Имантаев бұл ұсынысқа келіскен.

Балтаев оны ақша тезірек табуға асықтырып, жағдайдың өз бақылауында екенін айтып сендірген. Имантаев ішіне өнеркәсіптік база кіретін "Capital Investment Grup" ЖШС  70 пайыздық үлесін Балтаевқа берген. Сондай-ақ, Имантаев 30 миллион теңге қарыз алып, сомманың қалған бөлігі ретінде берген. Бірақ, Балтаев уәдесінде тұрмаған.

Нәтижесінде Балтаевқа алаяқтық жасады деген айып тағылып, іс сотқа жіберілді. Алғашқы сот отырысында прокурор тағылған айыптың кейбір мәліметтерін айтты.

“Балтаев Имантаевтан 36 млн 414 теңге, 10 мың доллар және "Capital Investment Grup" ЖШС 70 пайызын (нарықтық құны 188 млн 550 мың) алған. Мұның барлығы жалпы сомасы 229 млн 537 мың теңгені құрайды”, – деді мемлекеттік айыптаушы.

Балтаев прокуратурамен кінәсін мойындау туралы келісімге келіп, 5 жылға бас бостандығынан айыруға келіскен.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбенің экс-әкімі Ермек Имантаевтың Ақтөбе ӘКК төрағасы болып жұмыс істеген кезінде жер телімін заңсыз сату ісі бойынша 8 жылға сотталғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау