Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иманғали Тасмағамбетовтың жалған аккаунтына 45 мыңнан астам қазақстандық жазылып алған

Facebook пен Instagram желілерінде белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтың атынан ашылған парақшалар пайда болды. Осыған қатысты саясаткердің өзі пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат порталы StopFake сайтына сілтеме жасап. 

Мысалы, Instagram-дағы осындай аккаунттардың бірі tasmagambetov_official парақшасына 45 мыңнан астам адам жазылған, екіншісі – imaangali_tasmagambetov – жазылушыларс аны мыңнан асады. Facebook-те де оның атынан парақшалар ашылған.

Иманғали Тасмағамбетов әңгіме барысында Stopfake.kz-ке бұл аккаунттарға қатысы барын жоққа шығарды. Ол әлеуметтік желілерде парақшалары жоқ екенін айтты:

"Құрметті достар!
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде менің атымнан түрлі тақырыпта арандатушылық ақпарат жүктелген жалған аккаунттар мен парақшалар пайда болып жатыр. Сөз жоқ, бұл жеке менің абырой-беделімнен бөлек, әрбір азаматтың ғаламтордағы қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатерді көрсетеді. Ресми түрде мәлімдеймін, менің әлеуметтік желіде ешқандай парақшам жоқ. Баршаңыздан мұндай арандатуға қарсы тұрып, жалған ақпарат таратпауларыңызды сұранамын", - деп мәлімдеді қайраткер.

 

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 07 Ақпан, 2022 13:25
Талқылау