Иманғали Тасмағамбетов не себепті орнынан кетті
ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясындағы елші қызметінен кеткен Иманғали Тасмағамбетов туралы айтты.
Журналистер Иманғали Нұрғалиұлының қызметінен кетуінің нақты себебін айтуды сұрады.
Осыған байланысты Тілеуберді елші жасы жеткеніне байланысты жеке қалауымен өз орнын қалдырғанын айтты.
Сондай-ақ, министрге Тасмағамбетов өзі басқарған басқарма жүйесінде қала ма деген сұрақ қойылды. Жұмыстан босатылғаннан кейін министрлікте Иманғали Нұрғалиұлы бұдан әрі жұмыс істемейді.
Тілеуберді қазіргі уақытта Тасмағамбетовтің орнына Нұржан Қаджиякбаровтың уақытша жұмыс істеп жатқандығын айтты.
Бұған дейін Тасмағамбетовтің қызметінен кеткенін хабарлаған болатынбыз.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн