Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иманбек: SAINt JHN бастапқыда менімен сөйлескісі келмеді, әні таныла бастаған соң өзі хабарласты

Қазақстандық продюсер, диджей Иманбек Зейкенов ауқымды сұхбат берді. Ол шығармашылығы мен алдағы жоспарларын айтты. "Грэмми" сыйлығын алу жолындағы қызықты жайттарды жайып салды. 

19 жастағы қазақстандық жұмысшының жазған трегі әлемдік чарттарда үздіктердің қатарына енді (видео)

Бұл туралы диджей Ресейдің Еуропа плюс радио арнасына берген сұхбатында айтты.

Еске салайық, 15 наурызға қараған түні қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әніне жазған ремиксі үшін Grammy алғаны белгілі болды. Иманбек "Грэмми" сыйлығына ұсынылған және оны жеңіп алған алғашқы қазақстандық азамат. 

Иманбектің айтуынша, ол бұл марапатты 4 жылғы еңбегінен соң алды. "Roses" әнінің ремиксін алғаш жазған уақытта оның орындаушысы SAINt JHN тіпті жауап бермеген екен. Кейіннен әні таныла бастаған шақта өзі хабарласқан. 

"SAINt JHN бастапқыда маған жауап бермеді. Былайша айтқанда, маған мән бермеді. Кейіннен ремикс кең таралып, әні таныла бастағанда өзі хабарласа бастады. Рахметін айтты. Мақтауын асырып, алғысын білдірді", - деді Иманбек. 



Бұл Иманбектің еш жерде айтпаған шындығы. Диджей алдағы уақытын тек музыкаға арнап, бұдан да үлкен марапат алуға күш салмақ. 

"Негізі карантинге байланысты марапаттың онлайн өткені жақсы болды. Себебі, ағылшынша сөйлесетін адамдар. Мен оған дайын емеспін. Ескерткішті қашан алатынымды білмеймін. Мүмкін пандемия аяқталғанда барып алармын, мүмкін маған поштамен салып жібереді", - деді ол. 

Иманбекті қазірдің өзінде көшеде танып, қолтаңба сұрайтындар көп. Бұл өзіне өте әсерлі көңіл-күй сыйлайды. 

"Мені танып қалып, менімен суретке түсіп немесе қолымен мені нұсқап жатады. Бұл маған ұнайды. Кейбіреулер күле қарайды. Қалай болса да мені танығандары ұнайды. Әрине, танымалдықтың жаман жағы да бар. Сенің жұмбақ достарың пайда болады", - деді Иманбек. 

Талқылау