Имам өзгенің жеке хатын тарату харам екенін айтты

Қазақстандық имам Тимур Алиев желі қолданушыларына жеке хат алмасулардың скриншотын келісімсіз таратуға болмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дін қызметкері жеке хат алмасу сенімнің бір түрі екенін, оны бұзу ислам нормалары мен жалпы қабылданған этикаға қайшы келетінін айтты.
“Құраннан сақал, киімнің ұзындығы немесе музыка туралы адамдар жиі дауласып жүретін мәселелер жөнінде аяттар таба алмайсыз. Ал аманат, адалдық, әділдік, опасыздық жасамау, сатқындыққа бармау, уәдені бұзбау туралы аяттар өте көп. Алла осындай әрекеті үшін екіжүзді, опасыз адамдарды айыптайды”, – деді имам.
"Ер адамның гинеколог болуы – харам": Желіде имамның үндеуі қызу талқыға түсті
"Зиянын азайту харам емес": Мысырдың бұрынғы мүфтиі қыздырылатын темекіні мақұлдады
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Имам әлеуметтік желі арқылы хат алмасуларды көрсетіп, кеңес сұрайтындар көп екенін айтты.
“Кей адамдар уағызшыдан не ұстаздан кеңес сұрап, жауап алады. Бірақ сол жауапқа өзі жауапкершілік алмай, оны басқа біреулерге жіберіп, “мынау дұрыс па?” деп қайта талқыға салады. Бауырым, қарындасым, олай жасауға болмайды. Егер адам өз хабарламасын басқаға жіберуге рұқсат бермесе, бұл харам саналады. Демек, шариғат бойынша тыйым салынған іс. Опасыздық жасамаңдар. Егер сұрақ қойып, сенім артсаңдар берілген жауапты қабылдаңдар. Ал басқа пікір білгілерің келсе, өзгенің хаттарын таратпай-ақ, жеке сұраңдар”, – деді имам.
Имам мұндай әрекеттердің діни тұрғыдан ғана емес, мәдени және этикалық жағынан да дұрыс емес екенін айтты.
“Бұл – әдепсіздік, мәдениетсіздік әрі тыйым салынған іс”, – деді Тимур Алиев.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қыздар қолданатын кей коллагеннің харам екенін ескерткені туралы жазған едік.
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан