Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Имам: Ақтөбеде мектеп алдында намаз оқыған әйелдердің әрекеті – нағыз әртістік

Ақтөбеде мектеп алдында қара киім киген 4 әйел қар үстінде тұрып намаз оқыды. Жергілікті имам олардың әрекеті ерсі екенін айтты.

“Бұйрықты орындамаған соң олардың балалары мектепке кіргізілмейді. Сондықтан ата-аналары рұқсат алу үшін сол күні депутатпен кездесу келген”, – дейді мектеп директорының орынбасары Раушан Джамбаева.

ІІД баспасөз қызметіндегілер, мектеп алдында құлшылық ету заңға қайшы емес екенін айтты, деп хабарлайды 31 арна.

Ал бұрынғы имам Болатбек Нұрманов бұл намаз оқушы әйелдердің суретін көріп таңғалды.

“Кез келген жерде намаз оқуға болмайды. Бұл көзбояушылық. Бұл исламда жоқ. Бұл нағыз тәртіпсіздік”, – деді зейнеттегі имам.

Намазды таза жерде оқу керек. Егер құлшылық етуші қонақта болса, қай жерге намаз оқуға болатынын үй иесінен сұрап алуы керек. Мұндай тәртіп өзге мекемеге де қатысты.

Тағы да оқыңыз:

WhatsApp-та өзгенің хатын оқудың әдісі табылды

Алматы облысында өгей әке үш жасар қызын тістелеп, мұрнын жұлып алды

Ақтөбеде бір жасар бала анасының салғырттығынан соқыр болып қалды

Талқылау