ИМ Орталық Азиядан ақша табуға келген гастарбайтерлерді тарта бастады
Ең алдымен посткеңестік кеңістіктің өзге елдерінде жүрген орталық азия республикаларының азаматтары тарту қаупі ілінеді.
Фото: Валерий Мельников
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
ТМД елдерінің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері осындай тартулардың жолын кесу үшін бірлескен жұмыстар жүргізуде.
Ақша табу үшін өз елдерінен кеткен Орталық Азия азаматтары көбіне “Ислам мемлекеті” террористік топтары тартушыларының құрбанына айналады, деп мәлім етті ТМД-ға қатысушы мемлекеттері Терроризмге қарсы орталығының жетекшісі Андрей Новиков.
Айта кететіні, ең алдымен экстремистер Ресейге және посткеңестік кеңістіктің өзге елдеріне ақша табу үшін келгендерді тартуға тырысады. ТМД елдерінің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері осындай тартулардың жолын кесу үшін бірлескен жұмыстар жүргізуде.
“Мәселен, Қырғызстанда Оштың бер тұрғынын өлтіріп, бірнеше қарақшылық шабуыл жасамақ болған ИМ мүшелері еңбек миграциясы кезінде әлеуметтік желілер арқылы тартылған”, — деді Новиков.
Қазір экстремистік ұйымдардың “штаттық” психологтарына қысқа мерзімдерде әлеуетті лаңкестер дайындауға мүмкіндік беретін психологиялық қысым жасау мен манипуляциялардың жаңа әдістері пайдаланылуда.
“Халықаралық террористік және экстремистік ұйымдарының қызметі заманауи ақпараттық соғыстардың негізіне тығыз кірістірілген. Олар өз кезегінде “гибрид соғыстарының” ажырамас элементі болып табылады”, — деп түсіндірді Новиков.
Бұл ретте террористердің мақсаттары жаһандық сипатта – олар бүтін мемлекеттерді тұрақсыздандыруға тырысады. Мәселен, “Хизб-ут-Тахрир” экстремистік ұйымының идеологиясының негізінде зайырлы билікті діни әлеуметтік жобасына ауыстыру тұр. Психологиялық манипуляциялардың жаңа әдістерінің пайда болуымен бірге ақпараттық қарсы тұрудың жаңа құралдары да пайда болып жатыр. Қазіргі уақытта ТМД елдерінің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері кибер қауіпке қасы тұрудың алгоритмдерін қарастыруда.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақ стоматолог тісжегіні пломбасыз емдеу әдісін ойлап тапты
Үндістанда ауыл тұрғындары 6 жасар баланы Құдай көріп сыйынып жүр (фото, видео)
19 жастағы қыз анасының емі үшін интимді қатынас ұсынып өзін аукционға қойды (фото)
Жалғызбасты келіншек денсаулығы үшін күн сайын еркектің ұрығын ішетінін айтты (фото)