Илья Ильин олимпиадалық медальдарынан айырылды
Халықаралық олимпиада комитеті екі дүркін олимпиада чемпионы, қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің алтын жүлделерін тартып алу туралы шешім шығарды.
Фото: kaztrk
“Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшы Ильия Ильинге қатысты Халықаралық Олимпиада комитетінен ресми санкция алды. Соған сәйкес 2008 және 2012 жылғы олимпиада ойындарының қатысушысының ағзасынан тыйым салынған дәрілер табылған.
Халықаралық Олимпиада комитеті тәртіп комиссиясының шешіміне сәйкес “А” және “В” допинг сынамасының қорытындысы бойынша 2008 және 2012 жылғы жазғы олимпиада ойындарында 94 келіге дейінг салмақта чемпион атанған қазақстандық спортшы Илья Ильиннің бұған дейінгі көрсеткіштері жойылып, жүлделері қайтарылып алынды.
Спорттан шеттету туралы шешімді Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қабылдайды.
Допинг қабылдау бойынша, әділ күрес принципін қорғау және “таза” спортшы Халықаралық Олимпиада комитеті және Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті үшін де басты басымдылық болып қала бермек. ХОК біздің ел аумағында мойындаған ұйым Олимпиялық хартия мен бүкіләлемдік допингке қарсы кодекске мойынсұнады. Сондай-ақ, әлемдік допингке қарсы қозғалыстың қатысушысы болып табылады”, – делінген Ұлттық Олимпиада комитеті таратқан ресми хабарламада.
Еске сала кетсек, ХОК шешімімен 2008 және 2012 жылғы олимпиада ойындарында жүлдесінен айырылған Ильия Ильин, осы дауға байланысты Рио олимпиадасына да қатыса алмаған болатын.
Бұған дейін ХОК Светлана Подобедова, Мая Манеза, Зулфия Чиншанлоның да олимпиадалық алтын жүлделерін тартып алған.
Оқи отырыңыз:
Илья Ильин ғылым докторы дипломын көрсетіп мақтанды
Андре Уорд ұпай саны бойынша Сергей Ковалевтен басым түсті