Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин: Мен қатты таң қалып тұрмын

Илья Ильин Халықаралық Олимпиада комитетінің шешіміне қатысты өз пікірін айтты.

photo_10330-e1468006031333

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада және төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин осылай мәлімдеді.

“Мен таң қалып тұрмын. Бұл жайлы бүгін БАҚ жаңалықтарынан естідім. Сабыр етіп, жаттығу залына бардым, зілтемір көтердім. Өйткені бұл менің – жан қалауым, ол мені ынталандыра түседі. Осы кезде бәрін жинау керек деп шештім. Бұдан бірнәрсе өзгере ме? Біз біреуді кінәламауымыз керек. Халық өзі қорытынды жасайды. Ауыр күндерде бәрін көтере білу керек”, – дейді Ильин.

«Бос уақытты белгілі мақсатта пайдалану керек. Менің спорттық мансабым өкінішті болса да осымен аяқталды. Бұл есікті жауып, келесі есікті ашу керек. Алайда келесі кезеңге өту үшін білім керек. Сондықтан, мен МВА-ға түсуді жөн санадым. Біз 2 ғасыр өмір сүрмейміз. Бар жоғы 1 ғасырға жетер жетпес уақыт пешенемізге жазылған. Сондықтан барлығын уақытында істеу керек», – деді әлем чемпионы.

Осы орайда Илья Ильин алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Мен ағылшын тілін үйреніп жатырмын. Жақында МВА-ға түстім. Әзірше бір сабақта ғана болдым. Оқу 9 желтоқсанда басталады. Ағылшынды көтеруім керек. Сенбі, жексенбі күндері тағы сабақ оқимын. Менің ойымша, бұл болашақта керек. Себебі, алдағы уақытта мен бизнестің не екендігін білуім керек. Зілтемір көтеруден басқа да нәрселерді үйренуім қажет. Яғни білімсіз, тәжірибесіз өз мақсатыңа жете алмайсың», – деді танымал қазақстандық спортшы.

Айта кетейік, адвокаттар Ильиннің мүддесін қорғауды жалғастырады.

Бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ағзасынан тыйым салынған препараттардың ізі табылған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алғандығы хабарланған еді.

Халықаралық Олимпиадалық комитетінің тәртіптік комиссиясы Илья Ильиннің “А” және “В” допинг сынамаларының қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыны сол Ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды.

Спортшыға қолданылатын жазаның мерзімін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) анықтайды.

Жіберіп алмаңыз:

Иесі қараусыз тастап кеткен 14 мысық бірін бірі жеп қойған

Қазақстан тумасы кикбоксшы Мұса Мұсалаевты Германияда өлтіріп кетті

Қазақ ғалымы ойлап тапқан отқа жанбайтын жабын үлкен сұранысқа ие болуда

Жер кодексінің кей нормаларына енгізілген мораторий 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады

Талқылау