Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илон Маск Twitter-де тыйым салынған сөзді оқып, күлкіге қарық болды

Миллиардер Илон Маск 2022 жылы Twitter әлеуметтік желісін сатып алғаннан кейін тыйым салынған сөздер тізімін жасайтын алгоритмдерді тексеріп жатқан кезде, кенеттен күлкі қысып, еденге құлап түсті. Бұл туралы Уолтер Айзексонның "Илон Маск" кітабында сипатталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: dzen.ru

"Тыйым салынған сөздер жазылған қара тізім бар екен. Солардың бірі Маскқа ерекше әсер етті. Ол "turdburger" сөзіне келгенде қатты күлгені сонша, еденге құлап, тұншыға бастады", - деп жазады Уолтер Айзексон. 

Маскпен жұмыс істеген адамдардың айтуынша, ол депрессияға ұшыраған кезде оны жатын орнынан көтеріп тұрғызу қиынға соғатын көрінеді. 2017 жылы актриса Эмбер Хердпен ажырасуы миллиардерді қатты қынжылтқаны сонша, қызметкерлері оны маңызды кездесуге зорға көндірген. 

Бір күні Tesla президенті жаңа веб-сайттың дизайнын талқылау үшін Масктың жанына келіп, көндіру үшін қасына жатып әңгімелескен.

"Сол кезде Tesla-ның президенті болған Джон Макнил оны жарығы сөніп тұрған конференц-залдан тапты. Макнил келіп, оның жанына жатты. "Әй, досым. Біз қазір табыс туралы сөйлесіп жатырмыз", - деді ол. "Мен істей алмаймын", - деп жауап берді Маск. "Керек", - деді Макнил. 

Оны орнынан қозғалтуға жарты сағат уақыт кетті. Макнилдің айтуынша, дәл осындай көрініс бес-алты рет қайталанған", - деп жазды Уолтер Айзексон "Илон Маск" кітабында. 

12 қыркүйекте SpaceX және Tesla негізін қалаушыларының өмірін баяндайтын "Илон Маск" кітабы жарық көрді. Оның авторы, бұрын Стив Джобстың өмірбаянын жазған Уолтер Айзексон. Кітапта бұрын белгісіз болып келген фактілер, соның ішінде Украинадағы ұрыс қимылдарында Starlink спутниктік желісін пайдалану туралы айтылған.

Талқылау