Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илон Маск пен Джефф Безосқа Байқоңырға шақыру хаты жолданды

Ресейдің "Роскосмос" мекемесі миллиардерлер Илон Маск, Ричард Брэнсон және Джефф Безосты "Союз МС-19" зымыранының Байқоңырдан ғарышқа аттану салтанатына шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазан айының 5-і күні Байқоңыр ғарыш айлағынан ерекше экипажы бар "Союз МС-19" кемесін ұшыру жоспарланып отыр. "Ерекше экипаж" орбитада көркем фильм түсірмекші. 

Ресейлік Бірінші арна осы шараға дайындық қалай жүріп жатқаны туралы сюжет шығарды.

"Союз МС-19" ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына 66-шы экспедицияға қатысушы – ғарышкер Антон Шкаплеров, сондай-ақ ғарыштағы алғашқы көркем фильмді түсіру үшін актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко аттанады.

"Шамамен бір айдан соң орбитаға шығамыз. Түсірілім тобы ғарыш станциясында 12 күн болады. Осы уақыт ішінде фильмнің үштен бір бөлігін түсіру керек. Бұл шамамен 40 минут", – деді тележүргізушісі.

Ұйымдастырушылар экипажды орбитаға шығарып салу салтанатына Илон Маск, Ричард Бренсон мен Джефф Базосты шақырған.

"Мен бүгін Илон Маска мырзаға арнайы шақыру жолдаймын. Әрине, Брэнсон және Безос мырзаны да шақырғымыз келеді. Ғаламат үш ғарыш энтузиасті біздің жобаға Байқоңыр төрінде куә болса, керемет болар еді", – дейді ресейлік "Роскосмос" мекемесінің басшысы.

17 қазанда Пересильд пен Шипенко ғарышкер Олег Новицкиймен бірге "Союз МС-18" ғарыш кемесімен Жерге қайта оралады деп жоспарланып отыр.

“Орбитада тұңғыш көркем фильм түсіретін экипаж қазір жеке скафандрмен жаттығып жатыр”, – деп хабарлады Бірінші арна. Скафандрлар түсіру тобы үшін арнайы дайындалған.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 26 Тамыз, 2021 10:53
Талқылау